Валерий Алехин Валерий Алехин 
Волжский
Моё творчество это попытка популяризации классической поэзии. Как сюда попасть

03. A.S.D. - Yes I know

Ия білемін көп құладым, көп шалындым бұл өмірде Ия білемін көп шыдадым, көп жындандым қиын кезде Ия білемін достарым бар қолын беретін қулаған кезде Ия білемін жауларым бар құласамда аттап өтетін Ия білемін өстім жалғыз әкемнің мен сөзін алмай Ия білемін анам жалғыз мені жалғыз асыраған Ия білемін тіреуімін артымдағы қарындастын Ия білемін ол біреу емес кенжесі тағы бір қыз бар Ия білемін оқымадым мектепте мен жақсы сабақ Ия білемін қыртып жүрдім дала мен шегіп табак Ия білемін түсе алмадым жоғарғы оқу орнына Ия білемін құлап қалдым ұлттық бірінғай бақылауда Ия білемін оқыдым мен тағыда бір колледжде де Ия білемін ауыр жұмыс менің істегім келмеді Ия білемін амал іздеп кеттім тағы әскергеде Ия білемін қатырып мен әскерде ел қорғамадым Оның бәрі неліктен Ешкімнен жауап күтпейм Не қаласаң сол болады Осыны есте сақта Ия білемін әркім жауапты өзі істеген ісіне Ия білемін бәрі болад мынау біздің жемқор елде Мен білемін сен білесің жоғарыда не степ жүргенін Біле тұра үндемейміз сеніп жемқор біреулерге Ия білемін мүмкін осы әуенімді менің естіп Ертен ақордаға мені көкелерім шақырады Ия білемін сосын жағамнан мені бір ұстап Денелі кач жігіттерім қатты соққысын береді Ия білемін қорықпаймын өйткені мен қорқып біттім Ия білемін мендейлер бар осы күнді күтіп жүрген Ия білемін мүмкін түсінбедің сен менің ойымды Ия білемін мен ашықпын сойлей берем ойға келгенді Ия білемін ия сенемін өзгерер бәрі бір күні Ия білемін ия сенемін халық біздің қуанады Ия білемін ия сенемін түрмеде қамалып жүрген Менің бауыр әрі досым түрмеден сол бір шығады Ия білемін ақыры тағы бір күн тағы келеді Қазақстанның балалары жетім болып тасталмайды Ия білемін тірідей ата-анасы жүрген кезде Балалар үйі сәбилерге толтырылмайды Ия білемін тағы қарттар үйлері біздің толмайды Өсіп жеткен балалары ата-анасын тастамайды Ия білемін Қазақстанның жалпы бар ғой болашағы Осындай өсіп жатқан кемпір шалдың балалары Оның бәрі неліктен Ешкімнен жауап күтпейм Не қаласаң сол болады Осыны есте сақта Ия білемін
Добавлено:    Изменено: 26.09.2013    491    

Комментарии